
Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының конькимен жүгіруші Дарья Важенина Әлем Кубогы кезеңінде жүлдегерлер қатарына енді. Әйелдер командалық спринтінде Дарья Важенина, Кристина Силаева және Надежда Морозова атынан Қазақстан құрамасы үшінші орынды иеленді. Қыздар Польша мен Канада командасын алға жіберіп алды.
Конькимен жүгіруден Әлем Кубогының III кезеңі 24-26 қаңтарда Канадада өтті. Кубок кезеңі аясында спортшылар 500, 1000, 1500, 5000 қашықтықтан, сондай-ақ масс-старт пен командалық спринттен өтті. Жарысқа Австрия, Бельгия, Германия, Италия, Испания, Қазақстан, Канада, Қытай, Корея, Нидерланды, Норвегия, Польша, АҚШ, Чехия, Франция, Швеция, Жапония спортшылары қатысты.