ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ

25.04.2025_49.jpg

15-16 наурызда Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Николай Чеботьконың жүлделеріне жарыс өтті. Спорттық іс-шара аясында еркін жүріспен жеке жарыстар және классикалық стильде қудалау жарыстары өтті. Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 400-ден астам жас спортшы қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша анықталды. Щучинск қаласында Николай Чеботьконың жүлделеріне арналған жарыс 15 жыл бойы өткізіліп келеді. 2021 жылға дейін атақты шаңғышы оларды өзі ұйымдастырып, жүргізді. Спортшының қайғылы қазасынан кейін оның туыстары, жақындары, достары оны еске алады. Әр жылдары «Чеботько жарысына» бүгінде халықаралық аренада ел намысын қорғайтын көптеген танымал қазақстандық шаңғышылар қатысты. Қазіргі уақытта ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Николай Чеботьконың жүлделеріне арналған жарыстар Қазақстандағы ең жаппай балалар старттарының бірі болып табылады. Қатысушылардың географиясы жыл сайын кеңейіп, спортпен шұғылдануға көбірек балаларды тартады.