Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Қазақстан үшін Олимпиада-2026 ойындарына алғашқы лицензияны жеңіп алды. 26-30 наурызда Бостонда (АҚШ) спортшы ересектер арасындағы Әлем Чемпионатында өнер көрсетіп, 14-ші орынды иеленді. Қысқа және еркін бағдарламалар сомасы бойынша София қазылар алқасынан 181,36 ұпай алды. Олимпиада ойындарына қатысу нормативін орындау үшін топ-24-ке кіру қажет болды, ал Қазақстан бұл міндетті орындады. Михаил Шайдоров Қазақстан үшін ОИ-2026-ға екінші лицензияны жеңіп алды. Ол әлемдік біріншіліктің күміс медалін жеңіп алып, үздік үштікке кірді. Қазіргі уақытта Қазақстанда олимпиадаға 2 лицензия бар - ерлер мен әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан.