шорт-трек

25.04.2025_53.jpg

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шорт-трекшілер Алина Ажгалиева мен Зейнеп Құмарқан ересектер арасындағы Әлем чемпионатында өнер көрсетті. Старт 14-16 наурызда Бейжіңде (Қытай) өтті. Әлемдік біріншілік аясында 500, 1000, 1500 м қашықтықтағы жарыстар және командалық жарыстар өтті. Әйелдер эстафетасының қорытындысы бойынша, құрамында ҚСТ ОДО шорт-трекші Алина Ажгалиева өнер көрсеткен қазақстандық команда А финалында Канада, Польша және Нидерланды құрамаларын алға жіберіп, 4-ші орынды иеленді.