Мәнерлеп сырғанаудан жарыстарымен Қазақстан Республикасының VI қысқы Спартакиадасы аяқталды. Жарыстар 8-11 сәуір аралығында Өскемен қаласында өтті. Спартакиада қатысушылары арасында Қазақстанның 10 аймағынан келген жетекші мәнерлеп сырғанаушылар болды. Медальдар спорт шеберлері, спорт шеберлігіне үміткерлер және 1-ші спорттық разрядтағы спортшылар арасында сарапқа салынды. Спартакиада қорытындысы бойынша Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының мәнерлеп сырғанаушылары 4 медаль жеңіп алды. Софья Самоделкина - спорт шеберлері арасында жеңімпаз, Артур Смагулов - күміс жүлдегер. Ерлер арасында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Диас Джиренбаев көш бастады. Спорт шеберлігіне үміткерлер арасында Вероника Ким - күміс медаль иегері, Карина Шеина - қола жүлдегер. Қыздар арасында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Сафия Абаева көш бастады. Қазақстан Республикасының VI қысқы Спартакиадасы 8 ақпан - 11 сәуір аралығында 14 спорт түрі бойынша өтті. Спартакиада қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Ақмола облысы жеңіске жетті. Екінші орында - Астана қаласы, үшінші орында - Қостанай облысы. Атап өтерлік жайт, ақмолалық спортшылар ең көп жоғары сападағы медальдарды шаңғы жарыстарынан жеңіп алып, 10 пән бойынша үздік атанды. Еске сала кетейік, Спартакиаданың шаңғы жарыстары Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында өтті.