Басқару

ҚЫСҚЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫ

 

 

photo_5341370700134465255_y_1.jpg

Мұхамед-Рахим Рүстемұлы Ибраев - директордың спорт жөніндегі орынбасары.

Мұхамед-Рахим Ибраев үш бағыт бойынша жоғары білімі бар – Қаржы, Құқықтану, дене шынықтыру және спорт. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін "Қаржы" мамандығы бойынша, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "экономика саласындағы құқықтық реттеу" мамандығы бойынша, сондай-ақ Сібір мемлекеттік университетінің Дене шынықтыру және спорт факультетін бітірген. Экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесі бар. Еңбек жолын 2011 жылы ҚР Парламенті Мәжіліс депутатының көмекшісі болып бастаған. Әдіскерден бастап әр түрлі спорт ұйымдарының бөлімдерінде спорт басшысы болып жұмыс жасады. Байдаркада есуден ұлттық құраманың бастығы ретінде жұмыс тәжірибесі бар. 2022 жылдың қыркүйегіне дейін Астана қаласында спортты дамыту дирекциясы басшысының олимпиадалық түрлері бойынша орынбасары болып қызметін атқарды. Осы жылдың қазан айынан бастап қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы директорының спорт жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Азаматтарды қабылдау күндері:

Сейсенбі 14:00-16:00

Бейсенбі 14:00-16:00

1651640467831.jpg

ҚСТ ОДО директорының қаржы бөлімі бойынша орынбасары – Мурат Алиаскарович Каржаспаев. Қаржы секторында жоғары еңбек өтілі бар. Аудандық мәслихаттың үш шақырылымының депутаты болды.

Мұрат Әлиасқарұлы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын (қазіргі Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті) және Алматы Экономика және статистика институтын бітірген. «Щучинск Прокурортстрой» трестінің шеберінен бастап Щучинск және Көкшетау қалаларындағы банктер мен қаржы ұйымдарының басшы лауазымдарына дейін еңбек жолынан өтті. 2018 жылдан бастап «Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директорының орынбасары болып жұмыс істейді.

Өкілді органдардың жұмысына, мемлекеттілікті нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық дамуды қалыптастыруға қосқан үлесі үшін Мұрат Қаржаспаев «мәслихаттарға 20 жыл» мерейтойлық медалімен, грамоталармен және алғыс хаттармен, оның ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың қолы қойылған грамотамен марапатталды. 

Азаматтарды қабылдау күндері:

Сейсенбі 14:00-16:00

Бейсенбі 14:00-16:00

 

 

 

compressed 2024 02 20 12 20 35 

Турсынбай Серикович Токкужинов - директордың әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары.

Турсынбай Токкужинов 1972 жылы Звенигородка кентінде (Ерейментау ауданы, Ақмола облысы) дүниеге келген. 2000 жылы Н. Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университетінде (Астана қ.). «Қазақстан тарихы» мамандығы бойынша білім алған. 2003 жылы Көкшетау университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығын аяқтаған.

Еңбек жолын 1989 жылы Ерейментау ауданының орта мектептерінің бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастаған.  Сондай-ақ, Ерейментау балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдо бойынша жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы, кейін Степногорск қаласында, «Бөгенбай батыр» атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты директорының оқу-спорт жұмысы жөніндегі орынбасары болып қызметін атқарған..

2006 жылы Турсынбай Токкужинов Степногорск қаласының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ спорт бөлімінің басшысы болып тағайындалады. Бұл қызметте 3 жыл қызмет атқарады. Содан кейін, Степногорск қаласындағы «Бөгенбай Батыр» атындағы  спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернат-колледжін басқарған. «Достық және шығармашылық үйі» МКҚК директоры ретінде қызмет атқарған.

Қазіргі уақытта, 2024 жылдың қаңтар айынан бастап, Турсынбай Серикович ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директорының әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Тұрсынбай Серікұлы Токкужинов - самбодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

Азаматтарды қабылдау күндері:

Сейсенбі 14:00-16:00

Бейсенбі 14:00-16:00