тау шаңғы спорты

25.04.2025_39.jpg

Италияда FIS-жарыстарда кезекті медальді Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының тау шаңғышысы Александра Скороходова жеңіп алды. Спортшы 27-28 ақпанда Поцца-ди-Фасса тау шаңғысы курортында өткен GRAN PREMIO ITALIA FIS DICOFLOR - TROFEO CAMPANIA жарыстарында үшінші орын алды. Жарыстың көшбасшысы Фебе Хейдон (Австралия), екінші орында Анна Флатшер (Швейцария) болды. GRAN PREMIO ITALIA FIS DICOFLOR - TROFEO CAMPANIA турниріне Австралия, Ұлыбритания, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Латвия, АҚШ, Швейцария, Чехиядан 70-ке жуық спортшы қатысты. Медальдар слалом пәнінде ойналды.