Алматыда конькимен жүгіру спортынан ҚР финалдық Кубогының қорытындысы шығарылды. Жарыс 17-18 ақпанда «Медеу» биік мұз айдынында өтті. Кубок аясында 500, 1000, 1500 және 3000 м қашықтықтағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының конькимен жүгірушілері 10 марапатқа ие болды - 4 «алтын», 3 «күміс» және 3 «қола» бар. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарында Алена Лифатова, Айзада Рымбек, Арина Ильященко, Мария Кузнецова, Дмитрий Бичурин, Алдияр Тюлюгенов, Абылайхан Қайырғазы, Павел Мананков бар.