шорт-трек

25.04.2025_59.jpg

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шорт-трекшілері Қазақстан Республикасы Спартакиадасының жүлдегерлері қатарына енді. Жеке есепте спортшылар 6 марапатқа ие болды - 1 «алтын», 3 «күміс» және 2 «қола». Құрмет тұғырына Зейнеп Құмарқан, Полина Омельчук, Анастасия Галечина, Алина Ажгалиева, Богдан Вехов көтерілді. Сондай-ақ, ҚСТ ОДО-ның шорт-трекшілері облыстық командалар құрамында эстафеталарда үздік нәтижелер көрсетті. Шорт-тректен ҚР спартакиадасы 21-23 наурызда Астанадағы «Алау» мұз сарайында өтті. Жарыс аясында 500, 1000, 1500 м жарыстар мен эстафеталар өтті. Жарысқа Қазақстанның 9 өңірінен 100-ге жуық спортшы қатысты.