26 ақпан - 5 наурыз аралығында Швецияның Эстерсунд қаласында биатлоннан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өтті. Әлемдік біріншілік аясында жеке жарыстарда, спринтте, масс-стартта және эстафеталарда көшбасшылар анықталды. Жарысқа әлемнің 40-қа жуық елінен 400-ден астам спортшы қатысты. Медальдар жасөспірімдер мен жеткіншектер арасында ойналды. Чемпионат қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар арасында Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының биатлоншысы Мария Польдяева үздік нәтиже көрсетті. Жасөспірімдер арасындағы масс-стартта ол 20-шы орынға ие болды. Бұл жарыста Швециядан келген спортшы Сара Андерсон жеңіске жетті. Екінші және үшінші орында Анель Бондюкс (Франция) және Олександра Меркушина (Украина) бар. Командалық жарыстарда қазақстандық ерлер құрамасын атап өткен жөн. Жасөспірімдер арасындағы эстафетада Егор Гребенщиков, Евгений Литвинов, Владимир Конивец және Артем Афанасьев мүмкін 22-ден 15-ші орынға ие болды. Үштікті Норвегия, Германия және Польша командалары құрады.