Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғы жарысы Щучинск қаласында өткен ҚР Спартакиадасында 9 тұғырды жеңіп алды. Дастан Қалибеков спринтте қола жүлдегер атанды. Қалған 8 марапат, оның ішінде 4 «күміс» және 4 «қола» - командалық старттардағы спортшылардың тығыз жұмысының нәтижесі. Эстафета және командалық спринт жүлдегерлері: Аида Хажиева, Алеся Бочкарева, Дарья Рахманова, Виктория Колесникова, Арина Арестова, Әмірғали Мұратбеков, Сұлтан Базарбеков, Дастан Қалибеков, Григорий Дачкин. Естеріңізге сала кетейік, шаңғы жарысы бойынша ҚР спартакиадасы 18-25 наурызда Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында өтті. Жарыс аясында спринтте, классикалық қозғалыспен жарыста, масс-стартта, эстафетада, классикалық командалық спринтте медальдар ойнады. Жарысқа Қазақстанның 12 өңірінен 170-ке жуық спортшы қатысты.