шорт-трек

25.04.2025_37.jpg

 

4 тұғыр жасөспірімдер арасындағы Әлем Чемпионатында Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шорт-трекшінің есебінде. Әлемдік біріншілік 27 ақпан - 2 наурыз аралығында Канадада өтті (Калгари қ). Чемпионат аясында спортшылар 500, 1000, 1500 м қашықтықта және эстафеталарда өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша Алина Ажгалиева корей спортшылары Миджи Ким мен Сонгми Охтан кейін 1000 м қашықтықта қола медаль жеңіп алды. Әйелдер эстафетасында қазақстандық команда күміс жүлдегер атанды. Бұл жарыста Корея командасы жеңіске жетті, үшінші орында Жапония өкілдері. Ерлер эстафетасында біздің спортшылар үшінші болды. Тұғырдың бірінші сатысында Кореядан келген шорт-трекшілер, екінші сатысында Қытайдан келген спортшылар тұр. Аралас эстафетада отандық шорт-трекшілер тағы бір қоланы жеңіп алды. Корея командасы чемпион атанды, екінші орында - Қытай құрамасы. Қазақстан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында Алина Ажгалиева, Зейнеп Құмарқан, Полина Омельчук, Анастасия Галечина, Дінмұхамедалдияр Тәжібай, Максат Уәлиулла, Богдан Вехов, Нұрлан Қайырбеков өнер көрсетті.