тау шаңғы спорты

25.04.2025_47.jpg

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының тау шаңғышылары Александра Скороходова мен Ростислав Хохлов жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында өнер көрсетті. Әлемдік біріншілік 25 ақпан - 6 наурыз аралығында Италияда өтті. Чемпионат аясында 6 пән бойынша медальдар ойналды - төмен түсу, супер гигант-слалом, гигант-слалом, слалом және командалық жарыстар. Чемпион атағы үшін әлемнің 50-ден астам елінен 350-ден астам жас шаңғышылар күресті. Қазақстандық спортшылар слалом және гигант-слалом пәндеріне қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Александра Скороходова слаломда топ-30-ға кіріп, 24-ші орынға ие болды. Бұл стартта үштікті Корнелия Охлунд (Швеция), Леони Райх (Австрия) және Натали Фалх (Австрия) құрады.