тау шаңғы спорты

25.04.2025_33.jpg

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының тау шаңғышысы Александра Скороходова - Италиядағы FIS-старттардың күміс жүлдегері. Ол Marlene Cup халықаралық турнирінде екінші орын алды. Жарыс 21-23 ақпанда Оклини тау шаңғысы курортында өтті. Медальдар слалом пәнінде ойналды. Жарысқа Австрия, Аргентина, Ұлыбритания, Германия, Италия, Испания, Словакия, АҚШ, Швеция, Чехия, Жапониядан 200-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстандық тау шаңғышысы құрмет тұғырын Италиядан келген спортшылар - Арианна Путзер және Нора Пернстичпен бөлісті.