керлинг

29.10.2025_01.jpg

 

19–26 қазан аралығында АҚШ-та өткен керлингтен Панконтиненталды чемпионатта қазақстандық спортшылар В дивизионында екі медаль жеңіп алды. Ерлер құрамасы құрамында Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының керлері Ибрагим Тастемір өнер көрсеткен, күміс жүлдегер атанды. Команда бірде-бір матчтан жеңілмей, плей-офф кезеңіне шықты. Алайда, финалда Гонконг құрамасына есе жіберді. Тағы бір күміс жүлдені Қазақстанның әйелдер құрамасы иеленді. Панконтиненталды чемпионаттағы сәтті өнер көрсетуінің арқасында, қазақстандық керлингшілер А дивизионында өтетін әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болды.