Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының фристайл-акробатшы Асылхан Асан Әлем Кубогы кезеңінде топ-10-ға кірді. Жеке есепте ол мүмкін болатын 31-ден 9-шы орынға ие болды. Командалық жарыста Қазақстан құрамасы 8-ші нәтиже көрсетті. Фристайлдан Әлем Кубогының кезеңі 21-24 ақпанда Қытайда өтті. Жарысқа Австралия, Қазақстан, Канада, Қытай, АҚШ, Украина, Чехия, Швейцария спортшылары қатысты.