19-23 ақпанда Оңтүстік Кореяда мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты өтті. Турнирге Австралия, Гонконг, Үндістан, Қазақстан, Канада, Қытай, Мексика, Корея, АҚШ, Филиппин, Жапония спортшылары қатысты. Турнир қорытындысы бойынша Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина топ-10-ға кірді. Қысқа және еркін бағдарлама үшін ол 193.37 ұпай жинап, 7 орынға ие болды. Үздік үштікті Ким Чхэ Али (Оңтүстік Корея), Брэдди Тэннел (АҚШ) және Сара Эверхард (АҚШ) құрады. Ерлер арасындағы жекелей сында Михаил Шайдоров жеңіске жетті. Бұл Төрт құрлық чемпионатындағы қазақстандық спорт тарихындағы отандық мәнерлеп сырғанаушылардың екінші «алтыны». Осыдан тура 10 жыл бұрын Денис Тен тұңғыш рет беделді халықаралық турнирдің чемпионы атанды.