
Қазақстандық шорт-трекшілер жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогының III кезеңінің күміс жүлдегерлері атанды. Спортшылар аралас эстафетада 2-ші орынға ие болды. Жарыста Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шорт-трекшілері Алина Ажгалиева, Полина Омельчук, Зейнеп Құмарқан, Дінмұхамед Тәжібай, Богдан Вехов өнер көрсетті. Еске салайық, жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогының III кезеңі 21-23 ақпанда Канадада өтті.

 
  
 







 





 
        







 
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
        



























 
         
         
         
        





 
        































