Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем кубогының жалпы есебінде үшінші орын алды. Польшаның Томашув-Мазовецкий қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде біздің спортшылар командалық спринтте бесінші болып мәреге жетті. Аталмыш дисциплинада өткен үш кезеңнің қорытындысы бойынша Надежда Морозова, Кристина Силаева және Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының конькимен жүгіру Дарья Важенина жалпы есепте үшінші орынға ие болды. Бірінші орынды Польша құрамасы жеңіп алды. Күміс медаль Канада спортшыларына бұйырды.