
Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының могулисті Юлия Феклистова Финляндияда FIS-старттардың күміс жүлдегері атанды. Жарыс 31 қаңтарда Йювяскюля қаласында өтті. Жарысқа Қазақстан, Нидерланды, АҚШ, Түркия, Финляндия спортшылары қатысты. Могул пәнінен спортшылар бақ сынады.

 
  
 







 





 
        







 
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
        



























 
         
         
         
        





 
        































