
Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының тау шаңғышысы Александра Скороходова - Италиядағы жасөспірімдер арасындағы FIS-старттардың жеңімпазы болып атанды. Спортшы алып слалом пәнінен алтын медаль жеңіп алды. Екінші және үшінші орында итальяндықтар Федерика Пистилли мен Мартина Марангон болды. Халықаралық шаңғы федерациясының қолдауымен, жарыс 17-18 наурызда Понте-ди-Леньо тау шаңғы курортында өтті. Әйелдер жарыстарына Гонконг, Италия, Қазақстан, Швеция және Швейцария елдерінен 50-ден астам спортшы қатысты.

 
  
 







 





 
        







 
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
        



























 
         
         
         
        





 
        































