
Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының фристайл-акробаттары ҚР Чемпионатында 3 медаль жеңіп алды. Жеке жарыста Асан Асылхан алтын жүлдегер атанды. Спортшы бірінші орынды фристайл-акробатикадан ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі, 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы Шерзод Хаширбаевпен бөлісті. Командалық секірулерде «алтын» және «күміс» медалдарді Роман Погосян және Максим Павлов алды. Фристайл-акробатикадан ҚР Чемпионаты 12 наурызда Шымбұлақ тау шаңғы курортында өтті.

 
  
 







 





 
        







 
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
        



























 
         
         
         
        





 
        































